Текст
26.03.2026
Мектебімізде Алғыс айту күніне арналған жылы әрі әсерлі іс-шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен байланысты бұл мереке бейбітшілік пен келісімнің, өзара құрметтің маңызын еске салады.
Сахна төрінде шынайы алғыс сөздері айтылып, өнерлі оқушылардың шығармашылық нөмірлері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Залда мейірім мен жылулыққа толы атмосфера орнады.
Біз ұстаздарымызға, ата-аналарымызға, достарымызға және бізді әрдайым қолдап, шабыттандырып жүрген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алғыс айту — тек мерекелік күнмен шектелмей, әр күніміздің ажырамас бөлігіне айналсын!